Басты жаңалықтар
Түркістанда референдум учаскесінде кітап және қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Түркістан облысында референдумға келген азаматтар үшін арнайы кітап және қолөнершілер жәрмеңкесі өтті , деп хабарлайды turkistanlife.kz

Жәрмеңкеде қазақы нақыштағы ағаш, тоқыма бұйымдары мен тарих пен рухани мұраға арналған кітаптар қойылып, киіз үй маңында құрақ көрпелер төселіп, келушілерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Ұлттық өнерді насихаттау мақсатында қолөнершілер өз туындыларын таныстырды. Дауыс берушілер кітап көрмесін аралап, тарихымыз бен рухани мұра жайлы ақпарат алды.
Айта кетейік, Түркістан облысында 947 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Өңірде 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең.



