Басты жаңалықтар

Түркістан облысында 947 учаске өз жұмысын бастады

Таңғы сағат 07:00-де Түркістан облысындағы барлық референдум учаскелері ашылып, дауыс беру процесі ресми түрде басталды, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Өңірдегі жалпы саны 947 учаске материалдық-техникалық жағынан толық жарақтандырылған. Сайлаушылардың кедергісіз дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған. Заманауи дауыс беру кабиналары орнатылып, қажетті ақпараттық брошюралар мен заңнама мәтіндері таратылды. Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін де арнайы жағдайлар қарастырылған.

Республикалық маңызы бар шараны жоғары деңгейде өткізу үшін облыс бойынша 6 380 комиссия мүшесі жұмылдырылды. Олардың құрамында 7 облыстық комиссия, 17 аумақтық комиссия, 948 учаскелік комиссия.

Айта кетерлігі, комиссия мүшелерінің 97% бұған дейін сайлау науқандарын өткізуде үлкен тәжірибе жинақтаған кәсіби мамандар.

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button