Әлем тынысыБасты жаңалықтар

Таяу Шығыстан 8,5 мыңнан астам қазақстандық елге қайтарылды

Эвакуация басталғалы бері Таяу Шығыс елдерінен 8585 қазақстандық Қазақстанға жеткізілді. Бұл жұмыстарды Сыртқы істер министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізіп жатыр, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Министрліктің мәліметінше, өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері эвакуация процесін үйлестіріп, жергілікті жерде ұйымдастыру жұмыстарын жалғастыруда.

Сондай-ақ дипломаттар Таяу Шығыста жүрген қазақстандықтармен тұрақты байланыс орнатып, оларды елге қайтару шараларын бақылауда ұстап отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button