Басты жаңалықтар

Түркістан қаласының әкімі тұрғындардың өтініштеріне сәйкес арнайы кездесулер өткізді

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің жеке қабылдауында көтерілген мәселелерді нақты шешу мақсатында қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы тұрғындармен жолықты, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Кездесу барысында қала тұрғындарын толғандырған түйткілді мәселелер орнында зерделеніп, олардың орындалу барысы бақылауға алынды.

Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, әлеуметтік маңызы бар мәселелердің шешу жолдары талқыланды.

Атап айтқанда, I мөлтек аудан аумағындағы 3 тұрғын үй кешенінде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерге байланысты тиісті салалық бөлімдер мен жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар қала әкімі биыл I шағынуданында орналасқан 2, 3 және 5 көпқабатты тұрғын үй кешендерінің қасбеттерін жаңарту жұмыстары жүргізілетіні атап өтті.

Сондай-ақ Жаңа қала аумағындағы «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінің 1/1 және 1/2 үйлерінде анықталған бірқатар кемшіліктер бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оларды жою жөнінде жауапты бөлімдерге қысқа мерзімде қалпына келтіру тапсырылды. Бұдан бөлек 9-көшеде орналасқан 38/2 және 38/3 тұрғын үй кешендерінде тұрғындармен кездесіп, көтерілген өтініштерге сәйкес тиісті мекемелерге нақты міндеттер жүктелді.

Кездесу қорытындысы бойынша қала әкімі құрылыс бөліміне және тиісті сала мамандарына анықталған кемшіліктерді жедел түрде зерделеп, нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Мәселелерді кезең-кезеңімен шешу және атқарылған жұмыстар жөнінде тұрғындарға тұрақты түрде ақпарат беріліп отыратындығы атап өтілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button