Басты жаңалықтар

Түркістан: Махамбет елді мекеніндегі ауыз су мәселесі толық шешімін таппақ

Мемлекет басшысының ауылдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында Қазығұрт ауданында ауыз су мәселесі жүйелі шешілуде. Аудан әкімі Азизхан Исмаилов Сарапхана ауыл округіне арнайы барып, Махамбет елді мекенін тәулік бойы сапалы сумен қамту жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Ауыл тұрғындарын тұрақты әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Таза су» МКК тарапынан ауыз су ұңғымасы қазылып, 367 метр тереңдіктен ауыз су көзі табылды.

Махамбет ауылының ақсақалдары мен тұрғындары, осы уақытқа дейін тұрғындар ауыз су мәселесінде белгілі бір қиындықтарға тап болып келген болатын. Бұл елді мекен халқы үшін маңызды әрі көптен күткен қуанышты жаңалық болды деп, атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға беріп, ел игілігі жолындағы жүйелі қолдауы мен нақты шешімдері үшін аудан әкіміне шынайы алғыстарын білдірді.

Аудан әкімі жауапты мекеме басшыларына ұңғыма аумағын қоршау, су айдайтын насос орнату, 3,0 шақырым ауыз су құбырын тарту, электр желісін жүргізу, трансформатор орнату, нысанды жарықтандыру және өзге де инфрақұрылымдық жұмыстар сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Алдағы уақытта Махамбет елді мекені 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады

Басқа жаңалықтар

Back to top button