Басты жаңалықтар

Түркістандық самбошылар ел чемпионатында 11 медаль жеңіп алды

8-12 ақпан аралығында Қарағанды қаласында самбо және жауынгерлік самбодан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті , деп хабарлайды turkistanlife.kz

Республиканың барлық өңірінен жиналған 517 спортшы бақ сынаған дүбірлі додада Түркістан облысының құрамасы 11 медаль еншіледі .

Дүбірлі додада Түркістан облысының құрама командасы табысты өнер көрсетіп, 4 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль қоржынға салды. Атап айтар болсақ, 50 келі салмақта сынға түскен Жадыра Пайыз бен 59 келіде өнер көрсеткен Гүлзира Құдасбек чемпион атанды.

Сондай-ақ, 64 келіде Меруерт Нұрмаханова мен 80 келіден жоғары салмақта Нұрилла Асанқызы қарсылас шақ келтірмей, қос алтынды қанжығаларына байлады. Сонымене қатар, 50 келіде Айман Ибрагимова мен Шолпан Алтынбек күміспен күптелсе, 72 келідегі Ақбота Қыдырәлі де екінші орынды қанағат етті. Ал, қола медальді місе тұтқандар қатарында 50 келіде Айжан Жылқыбаева, 54 келіде Әлия Рад, 59 келіде Сая Әуелбекова және 80 келіде Ұлболсын Адилова бар.

Жарыс қорытындысы бойынша Түркістан облысының командасы жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button