Басты жаңалықтар

Түркістандық 537 азамат жәрмеңке арқылы тұрақты жұмыс тапты

Түркістан облысындағы Мансап орталықтарында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өз жемісін беруде. Жүйелі жүргізіліп жатқан жұмыспен қамту саясатының аясында жүздеген тұрғынға жаңа қызмет орындарына жолдамалар үлестірілді, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Жәрмеңкелерге 379 жұмыс беруші қатысып, түрлі сала бойынша 1710 бос жұмыс орнын ұсынды. Іс-шара барысында жұмыс іздеуші азаматтар жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, өз мамандығына сәйкес ұсыныстар алды.

Нәтижесінде 537 азамат бос жұмыс орындарына жолдама алып, тұрақты және уақытша жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды.

Айта кетейік, мұндай жәрмеңкелер еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты тиімді үйлестіруге, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталған. Облыс көлемінде бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button