Басты жаңалықтар

Түркістан облысында бір жылда 2300-ден астам отбасы баспаналы болған

Өңірдегі тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту мәселесі жүйелі шешімін тауып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста 2 317 пәтер пайдалануға беріліп, оның ішінде жалдамалы және несиелік негізде жүздеген отбасы жаңа қонысқа ие болды, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Сонымен қатар, кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамту мақсатында 580 жалдамалы және 842 несиелік пәтер мемлекет меншігіне алынған. Бұл жайында Түркістан облыстық құрылыс басқармасының басшысы Абай Тұрханов БАҚ брифингте мәлімдеді.

«2026 жылы өңір тұрғындарын баспанамен қамту жұмыстары жалғасын табады. Жоспарға сәйкес, биыл 810 пәтерлі 8 тұрғын үйдің құрылысы жалғасын таппақ. Қазіргі таңда қаржы бөлу жұмыстары атқарылуда. Жалпы, 2025 жылы құрылыс басқармасы бойынша 183 нысанның құрылысына бюджеттен 118,2 млрд теңге қаржы бөлініп, толық игерілген. Оның ішінде, 106 нысан пайдалануға беріліп, қалған 77 нысанның құрылысы 2026-2027 жылдары аяқталады деп жаспарлануда. Ал, 2026 жылы облыс көлемінде 89 нысанның құрылысына 55,9 млрд теңге қаржы қаралған»- деді басқарма басшысы.

Одан бөлек, былтыр білім беру саласында 4 нысан ел игілігіне берілсе, «Келешек мектептері» жобасы аясында 9 900 оқушыға арналған 16 мектеп ашылды. Ал, денсаулық сақтау саласында Жетісай ауданы Бәйтерек елді мекенінде 25 орынға арналған дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілсе, жеке инвесторлар есебінен Түркістан қаласында оңалту орталығы ел игіліне ұсынылды. Сондай-ақ, 2026 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Сарыағаш және Ордабасы аудандарында 2 перинаталдық орталықтың құрылысы басталған. 2025 жылы 2 әкімшілік ғиамараттың құрылысы аяқталса, биыл Сауран ауданы әкімдігінде акт залын пайдалануға тапсыру жоспарлануда.

Сондай-ақ, мәдениет саласында 6 нысанның құрылысы аяқталса, биыл 13 нысанды ел игіліне беру көзделген. Ал, спорт саласында өткен жылы 18 нысан ел игіліне тапсырылып, биылғы жылы тағы 9 нысанның құрылыс жұмыстары басталмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button