Қазақстандық киберспортшы PGL Masters Bucharest 2026 чемпионы атанды
Киберспорт әлемінде тағы бір жаһандық жеңіс. Қазақстандық талант Данил Голубенко өнер көрсететін әйгілі FURIA командасы CS2 дисциплинасы бойынша PGL Masters Bucharest 2026 турнирінде жеңіске жетті.

Бухарест төрінде өткен байрақты бәсекенің финалдық кездесуі жанкүйерлерге нағыз тартысты сәттерді сыйлады.
31 қазанда өткен шешуші ақтық сында BRA/FURIA командасы Беларусьтің мықты Nemiga Gamingұжымымен кездесті. Бәсеке тартысқа толы өтіп, қорытынды есеп 3:2 болып аяқталды. Нәтижесінде FURIA қарсыластарын тізе бүктіріп, бас жүлдені қанжығасына байлады.
Бұл – бразилиялық клуб пен оның қазақстандық жұлдызы үшін қатарынан бағындырылған екінші биік шың.
FURIA осыған дейін жаһандық Thunderpick World Championship 2026 турнирінде де қарсылас шыдатпай,чемпион атанған болатын. Қазіргі таңда команда халықаралық аренада теңдесіз ойын көрсеті.
Халықаралық деңгейдегі турнирлерде топ жарып жүрген Данил «molodoy» Голубенконың бұл жетістігі — отандық киберспорт үшін үлкен мақтаныш.



