Басты жаңалықтар

548 млрд теңге: Түркістан дәулетін Қытай инвестициясымен дамытпақ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қытайдың Алматыдағы Бас консулы Су Фанцюмен кездесіп, инвестиция тарту және бірлескен өндірістерді дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесуде ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, заманауи технологияларды енгізу, логистиканы дамыту және экспорт көлемін арттыруға басымдық берілді.

Тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, бірлескен өндіріс ашу, логистиканы дамыту және экспорт көлемін арттыру бағыттарына басымдық берді.

Қазір Түркістан облысында Қытай капиталының қатысуымен жалпы құны 548,9 млрд теңгелік инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Қытай тарапы өңірмен серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ Түркістан облысы Қытайдың Хубэй, Шэньси, Хэйлунцзян, Хэнань және Гуйчжоу провинцияларымен, Баянгол-Моңғол автономиялық округімен бауырластық байланыс орнатқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button