Басты жаңалықтар

«Voice of Turan – 2026»: Түркістанда әлем әншілері қазақ әнін шырқайды

Түркістанда қазақ әнін шетелдік өнерпаздардың орындауымен тыңдауға мүмкіндік туады. 25–27 қыркүйек аралығында қалада халықаралық «Voice of Turan – 2026» фестивалі өтеді.

Өнер додасына Франция, Италия, Испания, Бразилия, Мексика, Куба, Венесуэла, Индонезия, Тунис, Грузия, Армения, Қырғызстан, Беларусь, Болгария, Сан-Марино, Ватикан және басқа да елдерден әншілер қатысады.

Фестивальге арнайы келген шетелдік қонақтар Түркістанда ұлттық салт-дәстүрмен танысып, қаланың тарихи-мәдени орындарын аралады. Қонақтарға қазақтың мәдениеті мен дәстүрі таныстырылды.

Үш күндік бағдарламада отандық және шетелдік орындаушылар қазақ композиторларының шығармаларын орындайды. Сонымен қатар шығармашылық кездесулер мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

Фестивальдің басты ерекшелігі – қазақ әнінің шетелдік орындаушылардың репертуарында шырқалуы. Бұл арқылы қазақ музыкасы халықаралық өнер кеңістігінде таныстырылады.

Айта кетейік, «Voice of Turan» халықаралық фестивалі биыл жетінші рет ұйымдастырылып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button