Басты жаңалықтар

Түркістан облысының әкімі мен француз миллиардері не туралы келісті? Түркістандағы жаңа жобаның сыры ашылды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Orano» компаниялар тобы Директорлар кеңесінің төрағасы Клод Имовенмен кездесті. Тараптар өңір мен компания арасындағы ынтымақтастықты нығайту және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында облыс әкімі инвестиция тартып қана қоймай, жергілікті кадрларды даярлаудың маңыздылығына тоқталды.

«Біз үшін инвестиция тартумен қатар, жергілікті кадрларды даярлау мәселесі де аса маңызды. Осы бағытта облыстағы колледждерді компанияның қамқорлығына алып, дуалды оқыту жүйесі арқылы өндіріс орындарына қажетті мамандарды бірлесіп даярлауды ұсынамыз. Бұл жастардың теориялық біліммен қатар, нақты өндірістік тәжірибе алуына және оқуын аяқтағаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді», — деді Нұралхан Көшеров.

Өз кезегінде Клод Имовен Түркістан облысымен ынтымақтастықты дамытуға үлкен қызығушылық танытып, өзара әріптестікті тереңдетуге дайын екенін жеткізді.

Жиын қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық және кадр даярлау бағытындағы бірлескен жобаларды пысықтап, іскерлік байланыстарды нығайтуға уағдаласты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button