Түркістан облысының дерматовенерологиялық қызметінің 100 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Түркістан қаласында Түркістан облысының дерматовенерологиялық қызметінің 100 жылдығына орай «Оңтүстік Қазақстанның дерматовенерологиялық қызметінің ғасырлық жолы: инновациялар, сабақтастық және эндемиялық аурулардың мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Халықаралық деңгейде өткен бұл шараның негізгі көрсеткіштері мен қорытындылары төмендегідей:
• Еліміздің барлық өңірлерінен, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан, Латвия, Татарстан және Қарақалпақстаннан келген 200-ге жуық жетекші маман қатысты.
• Дерматовенерология саласындағы заманауи диагностика мен емдеу әдістері, ғылыми жетістіктер, жұқпалы және созылмалы тері ауруларының алдын алу мәселелері талқыланып, тәжірибе алмасу жүргізілді.
• Халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы, облыстық дерматовенерологиялық диспансер, Өзбекстан Республикасының республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық медициналық орталығы және оның Қарақалпақстан аумақтық филиалы арасында үшжақты меморандумдарға қол қойылды.
• Конференция аясында академик Мұқан Егізбаев атындағы сыйлықтың төртінші табыстау рәсімі өтіп, саланың дамуына елеулі үлес қосқан үздік мамандар марапатталды.
• 1926 жылы негізі қаланған мекемеде бүгінде 300-ден астам маман еңбек етеді. Олар Түркістан облысы мен Шымкент қаласының 3,5 миллионға жуық тұрғынына қызмет көрсетеді (өткен жылы 155 мыңнан астам пациентке медициналық көмек көрсетілген).



