Басты жаңалықтар

Кентау тұрғындарына жақсы жаңалық!

Кентауда биыл қай көшелер жаңарады?

Қалада жергілікті бюджет есебінен жалпы ұзындығы 8,9 шақырым болатын 14 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Кентауда жол сапасын жақсарту жұмыстары қарқын алды. Биыл жергілікті бюджет есебінен жалпы ұзындығы 8,9 шақырымды құрайтын 14 көшеге орташа жөндеу жүргізілуде.

Қазір жалпы ұзындығы 1,34 шақырым болатын Қаратөбе, Балбырауын, Ақбикеш-1, Ақбикеш-2 көшелері мен «Экскаватор» зауыты бойындағы жолды жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама дайындалған. Ақбикеш-1 көшесі мен зауыт маңындағы жолда асфальт-бетон жабындысын төсеу жұмыстары аяқталған.


Қала әкімі Жандос Тасов құрылыс алаңына барып, жөндеу жұмыстарының барысын бақылап, жауаптыларға сапа мен мерзімді қатаң сақтауды тапсырды.

Алдағы кезеңде жоспарға сәйкес қалған көшелерде де жөндеу жалғасады. Жоба 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен іске асырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button