Басты жаңалықтар

5 миллион вакцина егілді

Малдағы қауіпті аурулардың алдын алу қалай жүріп жатыр?

Түркістан облысында ұсақ малға 5 миллионға жуық доза аусылға қарсы вакцина егілді.

Түркістан облысында мал ауруларының алдын алу жұмыстары қарқын алды. Биыл өңірде ұсақ малға 4 млн 866,9 мың доза, ал ірі қараға 1 млн 89,3 мың доза аусылға қарсы вакцина салынды.


Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде ветеринариялық қауіпсіздік, залалсыздандыру және қаңғыбас жануарларға қатысты жұмыстар талқыланды.


Биыл энзоотиялық іс-шараларға облыстық бюджеттен 553,7 млн теңге бөлінген. Күзгі маусымға қажетті барлық ветеринариялық дәрі-дәрмек аудан-қалаларға жеткізіліп, жұмыстарға 1538 ветеринария маманы тартылған.


Шекараға жақын аумақтардағы малға 75 200 доза SAT-1 типіне қарсы вакцина егілген. Ал көктемгі залалсыздандыру толық аяқталып, күзгі жұмыстар жоспарланған уақыттан ерте басталған.

Жиында қаңғыбас жануарлар мәселесі де қаралып, аудан және қала әкімдеріне бұл бағыттағы жұмысты күшейту тапсырылды. Ветеринариялық қауіпсіздік шаралары тұрақты бақылауда болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button