Басты жаңалықтар

Газсыз ауыл азайды

Түркістан облысында табиғи газбен қамтылған тұрғындар саны 2 миллионға жуықтады.

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мәлім болды.

Қазір өңірдегі 801 елді мекеннің 606 табиғи газбен қамтылған. Соның нәтижесінде 1 млн 887 мыңнан астам тұрғын, халықтың 88 пайызы көгілдір отынның игілігін пайдаланып отыр.


Биыл алғаш рет Созақ ауданына табиғи газ жеткізіліп, Шолаққорған ауылындағы 16 мыңнан астам тұрғын газға қосылды. Сонымен қатар «Созақ» автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылды.

Жыл соңына дейін тағы 33 газдандыру нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде қосымша 35 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қосылып, облыстың газдандыру деңгейі 90 пайызға жетпек. Осылайша Түркістан облысында 640 елді мекендегі шамамен 2 миллион тұрғын табиғи газдың игілігін көреді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button