Басты жаңалықтар
Алтынға толы жеңіс
Түркістан қаласында академиялық ескек есуден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды.

Елдің үздік спортшылары қатысқан жарыста алаң иелері тамаша нәтиже көрсетіп, 42 медальжеңіп алды.

Түркістан облысының спортшылары қоржынына 24 алтын, 8 күміс және 10 қола медаль түсті. Олар жекелей және командалық сайыстарда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте көшбасшылар қатарынан көрінді.

Соңғы жылдары Түркістанда су спорты қарқынды дамып келеді. Халықаралық талаптарға сай салынған ескек есу каналы спортшылардың дайындалуына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, ірі республикалық және халықаралық жарыстарды қабылдайтын маңызды спорт нысанына айналды.

Еске салайық, биыл осы кешенде ескек есу мен параканоэден жастар арасындағы Азия чемпионаты да жоғары деңгейде өткен болатын.



