
Түркістан облысының құрылғанына 8 жыл толды. Осы қысқа уақыт ішінде өңір әлеуметтік-экономикалық даму бағытында маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Инфрақұрылымды жаңғырту, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы мен денсаулық сақтау салаларын дамыту көрсеткіштері жоғары қарқын алды.
Электрмен жабдықтау және энергетика
Өңірдегі елді мекендердің 99%-ы орталықтандырылған электр желісімен қамтылған. Электр тапшылығын азайту мақсатында қуаты 1000 МВт құрайтын бу-газ қондырғысы станциясының құрылысы жүргізіліп жатыр.
Табиғи газбен қамту
Облысты табиғи газбен қамту деңгейі 88,7%-ға жетті. Бүгінгі таңда 606 елді мекен газға қол жеткізді. 2026 жылы тағы 33 нысан іске қосылып, газдандырылған елді мекендер саны 640-қа дейін артады.
Ауыз су жүйесі
Түркістан облысындағы 801 елді мекен 100% ауыз сумен қамтылған. 2026 жылы өңірді сапалы сумен қамтамасыз етуге бағытталған ірі жобалар аясында ауыз су және су бұру жүйелерінің 44 нысаны салынуда.
Ауыл шаруашылығы және инвестиция
Соңғы 8 жылда өнім көлемі 2,2 есеге өсіп, 1,2 триллион теңгеге жетті. Салаға тартылған инвестиция көлемі 1 триллион теңгеге жуықтады.
Денсаулық сақтау саласы
Облыс құрылғаннан бері денсаулық сақтау саласында жалпы 134 нысан пайдалануға берілді:
- 2018 жылы: 1 дәрігерлік амбулатория;
- 2019 жылы: 6 емхана, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 қосымша ғимарат;
- 2020 жылы: 1 модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы.
2026 жылға қарай тағы 24 нысанның құрылысы жүргізілуде. Олардың қатарында 7 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 медициналық пункт және 4 жедел жәрдем дислокациясы бар.



