Басты жаңалықтар

Тәжірибесі жоқтарды кім жұмысқа алады?

Түркістанда мыңдаған адамға жұмыс беріледі

Түркістан облысында жастардың еңбек нарығына араласуына жол ашатын ауқымды мүмкіндік басталды. Осы жылдың соңына дейін «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында 6 415 жас маманды жұмыспен қамту жоспарланып отыр, тіпті қазірдің өзінде 2 536 түлек алғашқы жұмыс орнына жолдама алып үлгерді.

Бұл жоба жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітіргеніне 5 жылдан аспаған, жасы 35-ке толмаған жұмыссыз азаматтарға өз мамандығы бойынша таптырмас тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. 12 айға созылатын практика кезінде қатысушыларға ай сайын кемінде 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде еңбекақы төленіп, олардың тұрақты жұмысқа орналасуына жағдай жасалады.

Алғашқы еңбек жолын бастап, мемлекеттен қолдау алғысы келетін жастар үшін тұрғылықты жері бойынша «Мансап» орталықтарына жүгіну жеткілікті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button