
Түркістан облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Шардараға арнайы барып, шаруалардың жағдайын біліп қайтты.
Шардаралықтар енді суды үнемдеуге көшеді. Биыл 8 мың гектарға заманауи су үнемдеу технологияларын орнату жоспарланған екен. Қазірдің өзінде жоспар орындалып жатыр. Бірақ бір қызығы, кейбір компаниялар (мысалы, «БНК групп») жұмысты созып жүрген көрінеді.

Суды тым көп ішетін күріштің көлемін азайтып, орнына жүгері егуді қолға алып жатыр. Бұл су тапшылығының алдын алудың амалы. Кәсіпкерлер де мұны түсініп, «Қазсушармен» келісімшарт жасап қойыпты.
Шаруаларға мемлекеттен үлкен көмек бар. «Кең дала» бағдарламасы арқылы 250-ден астам шаруашылыққа 2,3 миллиард теңге жеңілдетілген несие берілген. Сондай-ақ, 2600 тоннадан астам арзан дизель отыны мен тыңайтқыштар таратылуда. Мақта мен бақша егу жұмыстары қызып тұр.

Ислам даму банкінің ақшасына (шамамен 6 миллиард теңгеден астам!) 8 каналды жөндеп жатыр. Бұл жұмыс 2027 жылға дейін жалғасады. Нәтижесінде Шардарада тағы 900 гектардан астам суармалы жер пайда болады.



