Диқандарға су уақытында жетті
Түркістанда 400 млн текше метр су: диқандар “енді өнім болады” деп отыр

Түркістанда егіс басталмай жатып су мәселесі шешіліп қойды — диқандарға бірден 400 млн текше метр су жіберілді.

«Қазсушар» РМК-ның Түркістан филиалы Жетісай мен Мақтаарал аудандарында сор шаю жұмыстарын толық жүргізіп шықты. Нәтижесінде:
– Жетісайда – 53,6 мың гектар,
– Мақтааралда – 41 мың гектар жер шайылды.
Бұл — топырақтағы тұзды азайтып, өнімділікті арттыру үшін ең маңызды кезең.

Ал Шардара ауданында да жұмыс тоқтаған жоқ. Мұнда 8,1 мың гектар алқап ылғалдандырылып жатыр. Қазірдің өзінде 262 млн текше метр су берілген.
Диқандар судың дәл уақытында келгенін айтып, риза.
Шаруа Ақжан Сүлейменбеков 7 гектар жерге мақта егіп отыр. Айтуынша, су кешікпей, жеткілікті көлемде келуде. Демек, биыл өнімге үміт бар.
Мамандар да нақты айтады: сор шаю – жай формальность емес. Егер топырақтағы тұз азаймаса, мақта дұрыс шықпайды. Сондықтан бұл жұмыс желтоқсаннан бастап қолға алынып, қазір толық аяқталған.
Қазір басты назар – егісті суару. Яғни, дайындық өтті, енді нақты маусым басталды.



