Шардарада 6 тонна қоқыс шығарылды

Түркістан облысында республикалық «TazaLIKE» экофестивалі аясындағы экологиялық шаралар жалғасуда. Соның бірі – «Мөлдір бұлақ» акциясы Шардара ауданында өтіп, Шардара су қоймасы мен Сырдария өзені жағалауында кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Аталған экологиялық бастама аясында елді мекендер қоқыстан тазартылып, бұлақ көздері ашылып, табиғи аумақтарды абаттандыру жұмыстары қолға алынған. Шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындардың экологиялық санасын арттыру.

Тазалық жұмыстарына мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар белсенді қатысып, жалпы саны 500-ден астам адам жұмылдырылды. Нәтижесінде 2 техника тіркемесінің көмегімен Сырдария жағалауынан жиналған 6 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық арнайы полигонға шығарылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық акциялар өңірде тұрақты түрде өткізіліп, табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.



