Каспий теңізін сақтауға үкімет резервінен 1,1 млрд теңге бөлінді

Президенттің Каспий өңірінің экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында Үкімет маңызды шешім қабылдады. Бөлінген қаражат «Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ның кешенді зерделеу жұмыстарын жүргізуіне және теңіз экожүйесін сақтау шараларына бағытталады, деп хабарлайды turkistanlife.kz
Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қаржыландыру институттың ғылыми әлеуетін жақсартуға ықпал етеді. Қаражатқа теңізде мониторинг жүргізу үшін негізгі жабдықтарды сатып алу және гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханаларды жарақтандыру жоспарлануда, бұл теңіздің қазақстандық секторында болып жатқан процестер туралы өзінің ғылыми-негізделген базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда ҒЗИ тиімді шараларды әзірлеу үшін халықаралық ғылыми қоғамдастыққа белсенді интеграциялануда, Каспий маңы елдерінің университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қауымдастығына кірді.
Осы қаулыны жүзеге асыру үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігіне барлық қажетті шараларды қабылдау, Қаржы министрлігіне бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына қатаң бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.



