Басты жаңалықтар

Түркістан облысындағы су қоймалары 71 пайызға толды

Түркістан облысында су ресурстарын тиімді басқару мен вегетациялық кезеңге дайындық жұмыстары қарқынды жүруде. Жылдың бірінші тоқсаны аяқталуға жақын қалған тұста аймақтағы су қоймаларының толу деңгейі 71 пайызға жетіп, сала басшыларының бекітілген индикаторларды орындау барысы апталық бақылауға алынды, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Берілген тапсырмалардың жүзеге асырылуы қай деңгейде? Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жетекшілік ететін салалары бойынша лездемелік мәжіліс өткізіп, осы сұрақтарға жауап алды.

Түркістан облысында 12 731 шақырымды құрайтын 4180 канал, жалпы сыйымдылығы 8,7 млрд. м3 болатын 42 су қоймасы, 5712 шақырымға созылған 1256 қашыртқы және 1794 ұңғыма бар. Су қоймалардың толу деңгейі бүгінгі таңға 71 пайызды құрап отыр. Шаруашылықтарды су үнемдеу технологиясына көшіру бойынша аудан-қала әкімдіктерімен бірлесіп диқандармен тұрақты түрде кездесулер өтіп, түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Ветеринария саласындағы мәселелер де қаралды. Энзоотиялық ауруларға қарсы залалсыздандырудың І кезеңі наурыз айында басталады. Биыл 31,4 млн. шаршы метр мал иірімдері мен суат аумақтарын, 92,6 млн. шаршы метр үйіргелік және сыртқы қоражайларды залалсыздандыру жоспарланған. 3,2 млн. бас ірі қара малды бүркіп, 9,9 млн. бас уақ малды тоғыту көзделген.

Облыс әкімінің орынбасары мәжілісте көтерілген барлық мәселелер бойынша жауапты басқармалардың міндеттерін нақтылап, тиісті тапсырмалар жүктеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button