
Сайрам ауданындағы «Korkem» брендімен танылған «Наурыз-5» кәсіпорны алғаш рет өз өнімдерін Қытай нарығына экспорттамақ.

Кәсіпорында табиғи шырын, тосап, томат пастасы және кетчуптың 60-қа жуық түрі өндіріледі. Жылдық қуаты – 2 400 тонна, 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Өнімдер жергілікті жеміс-жидек пен көкөністен дайындалып, химиялық қоспасыз шығарылады. Шетелдік серіктестер сайрамдық өнімнің табиғилығы мен дәмін жоғары бағалаған.
Жақын уақытта кәсіпорын Моңғолия және басқа да нарықтарға шығуды жоспарлап отыр.



