Түркістан облысы: Арыста жаңа медициналық нысан ашылды

Арыс қаласында заманауи оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Жаңа нысанның ашылуына қатысқан қала әкімі Қайсар Маңқараев тұрғындарды құттықтап, орталықта науқастарды қалпына келтіру үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

Қала басшысы орталықты аралау барысында орнатылған жабдықтар мен азаматтарға жасалған жағдайлармен танысты. Қазіргі таңда заманауи медициналық құрылғылар орнатылып, науқастарды қабылдауға соңғы дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бөлімшеде тәжірибелі реабилитолог-дәрігерлер, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары мен массаж мамандары қызмет көрсететін болады.
Мұнда емдік дене шынықтыру, физиотерапия және массаж арқылы науқастардың қозғалыс белсенділігін қалпына келтіруге баса мән беріледі. Заманауи құрал-жабдықтар науқастардың тезірек сауығуына мүмкіндік береді. Оңалту бөлімшесі жақын күндері алғашқы науқастарын қабылдай бастайды.



