Басты жаңалықтар

Түркістандық ару Жапониядағы Азия ойындарында төрелік етеді

Түркістан облысының спорт саласы тағы бір биікті бағындырды. Өңірлік ескек есу және желкенді спорт қауымдастығының мақтанышы Индира Бектенова Жапонияда өтетін дүбірлі додада төрелік ететін болады, деп хабарлайды turkistanlife.kz

2026 жылы Жапонияның Нагоя қаласында өтетін кезекті Азия ойындарына Түркістан облыстық ескек есу және желкенді спорт қауымдастығының өкілі Индира Бектенова ресми шақырту алды. Ол байдарка мен каноэде ескек есу спорты бойынша халықаралық техникалық төреші (ITO) ретінде қызмет атқарады.

Индира аталған спорт түрінде халықаралық дәрежедегі төреші атанған тұңғыш қазақ әйелі ретінде тарихқа енді. Бұл мәртебе оның байдарка мен каноэде ескек есу саласындағы терең білімі мен жоғары кәсіби біліктілігінің айқын айғағы. Халықаралық техникалық төреші (ITO) ретінде бекітілуі маманның осы уақытқа дейін спортты ілгерілету жолында атқарған зор жұмысының заңды нәтижесі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button