Басты жаңалықтар

Өзбекстан мен Қазақстанның су саласына жауапты министрлері Түркістандағы Ясауи кесенесіне зиярат жасады

Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев бастаған делегация Түркістан қаласына жұмыс сапары кезінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті. Оларды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бірге ертіп жүрді.

Зиярат барысында Қожа Ахмет Ясауи бабаның рухына Құран бағышталып, елдің амандығы, тыныштығы мен бірлігі үшін дұға жасалды. Өзбекстандық делегация бұдан бөлек облыс орталығындағы туристік нысандарды аралап, өңірдің туристік әлеуетімен танысты.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген тарихи-рухани кешен. Соңғы жылдары зияратшылар мен туристер саны артып келеді. Былтыр Түркістанға арнайы заңмен ерекше мәртебе беріліп, қаланың дамуына жаңа серпін берілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button