Басты жаңалықтар
Түркістан раушандары Орталық Азияға экспортталмақ
Түркістан облысында заманауи гүл өнеркәсіптік паркін құру жоспарлануда. Жоба аясында жыл бойы гүл өсіріп, өнімді Орталық Азия елдеріне экспорттау көзделген.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жылыжай кешенінің құрылыс алаңына барып, жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты.
Жылыжайда раушанның 14 сорты, петуния, барқытгүл және өзге де сәндік өсімдіктер өсірілмек. Өндірісте микроклиматты автоматты басқару, тамшылатып суару, жылыту және салқындату жүйелері қолданылады.
Жоба аясында гүлдерді сұрыптау, қаптау және сақтау нысандары, сондай-ақ көрме алаңдары мен гүл бақтарын салу жоспарланған.
Бастама өңірдегі гүл шаруашылығын дамытуға, жергілікті өндірісті арттыруға және экспорттық әлеуетті күшейтуге бағытталған.



