Басты жаңалықтар
Түркістан облысында мәслихат сайлауы 29 қарашада өтеді
Түркістан облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды. Өңірде барлығы 338 депутат сайланады.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың күнтізбелік жоспарын бекітті. Кандидаттарды ұсыну 14–27 қазан аралығында жүргізіледі. Тіркеу 1 қарашада сағат 18:00-де аяқталады. Сайлауалды үгіт 1 қарашада сағат 18:00-де басталып, 28 қарашада сағат 00:00-де тоқтайды. 28 қараша – тыныштық күні.
338 депутаттың 46-сы облыстық мәслихатқа сайланады. Оның 23-і партиялық тізіммен, 23-і бірмандаттық округтер арқылы анықталады. Қалған 292 орынның 44-і қалалық, 248-і аудандық мәслихаттарға тиесілі. Олар бірмандаттық округтер бойынша сайланады.
Облыста 1 209 560 сайлаушы тіркелген. Дауыс беруді ұйымдастыруға 7 976 маманнан құралған 1 285 сайлау комиссиясы қатысады. Өңірде 952 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді, оның 26-сы жабық учаске.



