Түркістанда тазалық талаптарын бұзғандарға 248,5 млн теңге айыппұл салынды
Түркістан облысында жыл басынан бері тазалық пен абаттандыру талаптарын бұзғандарға қатысты 15 802 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы 248,5 млн теңге айыппұл салынды.

Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов аппараттық мәжілісте баяндады.
Атап айтқанда, қоғамдық орындардағы тазалық талаптарын бұзғандарға қатысты 6 366 хаттама рәсімделіп, 192,8 млн теңге айыппұл салынған. Ал абаттандыру қағидаларын бұзғандарға 9 436 хаттама толтырылып, 55,7 млн теңге айыппұл салынды. Бұл бағыттағы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға өскен.
Сонымен қатар «Таза Қазақстан» аясында жыл басынан бері 532 экологиялық іс-шара өткізіліп, 187 тонна қоқыс шығарылды. Жол бойындағы тазалықты тексеру кезінде тағы 136 кемшілік анықталып, оларды жоюға жауапты мекемелерге бір апта мерзім берілді.
Жиында аудан-қала әкімдеріне тазалық жұмыстарын күшейту, рейдтерді жиі өткізу және проблемалық аумақтарды тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.



