Басты жаңалықтар

Түркістанның «ақ алтыны» енді мата мен киімге айналмақ

Түркістан облысында «AQ-DALA – 2026» салтанатты іс-шарасы өтіп, озат диқандар марапатталды. Еліміздегі жалғыз мақталы өңір шикізат экспортынан бас тартып, 2030 жылға дейін 212,6 млрд теңгенің 5 өндірістік кластерін іске қосуды межелеп отыр.

Отырар ауданында өткен жиында өңір әкімі Нұралхан Көшеров сала үздіктеріне марапаттар табыстады. Биыл облыс бойынша 173,6 мың гектардан 556 мың тонна өнім жинау жоспарланған. Өңірдегі басты басымдық — су үнемдеу технологиясы. Алқаптың 91 мың гектарына тамшылатып суару енгізіліп, өнімділік гектарына 60 центнерге дейін артты.

«Біздің мақсатымыз – мақтаны өсірумен шектелмей, одан түсетін табыстың көбірек бөлігін өз өңірімізде қалыптастыру. Осы бағытта мақта өсіруден бастап өңдеу, жіп иіру және дайын тоқыма өнімін шығаруға дейінгі толық тізбекті қамтитын елімізде теңдесі жок кластер қалыптасып келеді», — деді Нұралхан Көшеров

Қазірдің өзінде «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС 2 зауыт пен жіп иіру фабрикасын іске қосып, 1200 адамды жұмыспен қамтыды. Алдағы уақытта «TURAN» арнайы экономикалық аймағында мата бояу, тігін фабрикалары ашылып, жалпы 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button