Басты жаңалықтар

70 миллиард доллар мен триллиондар қайда жұмсалады? Қазақстанның алдағы жылдардағы қаржылық болжамы жарияланды

Қазақстанда ел үшін маңызды ірі жобалар мен «үлкен құрылысты» қаржыландыру үшін Ұлттық қордан қомақты қаражат бөлінеді. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, әлеуметтік және инфрақұрылымдық объектілерді салу үшін:

• 2027 жылы – 2 триллион теңге;

• 2028–2029 жылдары – жыл сайын 1,5 триллион теңге көлемінде нысаналы трансферт қарастырылған.

Ұлттық қор активтері 70,6 млрд долларға жетеді

Қордан қаржы бөлінгенімен, оның таза валюталық активтері алдағы жылдары өседі деп болжанып отыр. Нақтырақ айтқанда:

• 2027 жылы – 65,2 миллиард АҚШ доллары;

• 2029 жылы – 70,6 миллиард долларға дейін ұлғаяды деп күтілуде.

Бюджет тапшылығы біртіндеп төмендейді

Сонымен қатар республикалық бюджет тапшылығын кезең-кезеңімен азайту жоспарланып отыр. Атап айтқанда, бұл көрсеткіш 2027 жылғы ІІӨ-ге шаққандағы 2,3 пайыздан 2029 жылы 0,4 пайызға дейін қысқарады.

2027 жылы бюджет шығыстары қандай болады?

Ұсынылған болжамға сәйкес, республикалық бюджеттің шығыстары:

• 2027 жылы – 30,2 трлн теңге;

• 2028 жылы – 29,4 трлн теңге;

• 2029 жылы – 29,6 трлн теңге мөлшерінде жоспарлануда.

Ал 2027 жылы елдегі инфляция деңгейі 7,5-9,5 пайыз аралығында болады деп болжанып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button