Балаларға арналған фастфуд жарнамасына шектеу енгізілуі мүмкін
Қазақстанда балаларға бағытталған фастфуд, тәтті сусындар және құрамында қант, тұз, қаныққан әрі трансмай мөлшері жоғары өнімдердің жарнамасын шектеу жоспарланып отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі осы бағытта заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеген. Шектеу телеарналар мен радиоға, әлеуметтік желілерге және сыртқы жарнамаға қатысты болуы мүмкін. Қазір ұсыныстарды реттер талдау жұмыстары басталды.
Министрліктің зерттеуіне сәйкес, 6–9 жастағы балалардың 23%-ында артық дене салмағы бар, ал 6%-ы семіздікке шалдыққан. Сонымен қатар жасөспірімдердің 17,5%-ы энергетикалық сусындарды апта сайын тұтынады.
Бастаманың мақсаты — балалардың тағам таңдауына маркетингтік ықпалды азайтып, ерте жастан дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыру.
Бұл мәселені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та көтерген. Президент Үкіметке фастфудтың агрессивті жарнамасын зерделеуді тапсырған еді. Оның айтуынша, мұндай жарнама балалар арасында зиянды әдеттердің қалыптасуына әсер етіп, денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемені арттыруы мүмкін.



