Басты жаңалықтар

Қазақстанда 125 мамандыққа сұраныс төмендейді: қай салада маман тапшы?

Қазақстанның еңбек нарығында алдағы жылдары 125 мамандыққа сұраныс төмендеп, 100-ге жуық кәсіп жаңа технологиялардың әсерінен өзгереді. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Өзгерістерге байланысты кадр даярлау жүйесі де жаңартылады. Еңбек нарығына қажет мамандықтар алдын ала анықталып, колледждердегі білім беру бағдарламалары соған бейімделмек. Ал сұранысқа ие кәсіптердің тізімі 51-ден 174-ке дейін кеңейеді. Оған инженерия, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, биотехнология, жасыл және ядролық энергетика бағыттары кіреді.

Сонымен қатар кей салаларда маман емес, керісінше кадр тапшылығы байқалып отыр. Ең үлкен алшақтық ауыл шаруашылығы мен құрылыста.

Ауыл шаруашылығы: салаға 73 мың маман қажет, ал қазір бұл бағытта 12,7 мың студент оқып жатыр. Сұраныс ұсыныстан 5,7 есе жоғары.

Құрылыс: мұнда 102 мың маман қажет болғанымен, білім алып жатқан студент саны 22,4 мың. Яғни сұраныс 4,5 есе көп.

Министр бұл айырмашылықты азайту үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын өңірлер мен салалардың нақты кадр қажеттілігіне қарай қайта бөлуді ұсынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button