Басты жаңалықтар

МЕРЕКЕЛІК АТМОСФЕРА: Қазығұртта сайлаушыларға ерекше «Аквагрим» акциясы ұйымдастырылды

Қазығұрт ауданына қарасты Шарбұлақ ауылдық округіндегі №320 сайлау учаскесінде сайлаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында «Аквагрим» акциясы ұйымдастырылды.

Шара барысында ауыл тұрғындары дауыс беріп, өздерінің азаматтық ұстанымын көрсетумен қатар, ерекше шығармашылық шараға да қатысты. Сайлаушылардың бетіне түрлі-түсті бояулармен суреттер салынып, учаскеде жағымды көңіл-күй орнады. Еріктілер бұл күннің маңыздылығын және әр азаматтың таңдауы ортақ болашаққа қосылған үлес екенін атап өтті.

Айта кетейік, Қазығұрт ауданы бойынша 61 сайлау учаскесі жұмыс істеп, 65 525 тұрғын дауыс беру құқығына ие. Өңір тұрғындары бұл науқанға зор белсенділікпен қатысуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button