Халықаралық байқаушылар сайлау барысын бақылауда

Қазақстан Республикасы Құрылтайы сайлауын бақылау мақсатында Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ТМД-нан халықаралық байқаушылары (Өзбекстан) келді.
Халықаралық байқаушылар Баходиржан Юнусов, Шавкатбек Хасанов, Бекзод Нишонов, Нурулла Исраилов және Мухаммад Сангинов сайлау процесінің ұйымдастырылуы мен өту барысымен танысып, дауыс беру рәсімдерінің заң талаптарына сәйкес жүргізілуін бақылауда.
Сонымен қатар Ресей Федерациясынан келген ТМД халықаралық байқаушылары ұОксана Кириченко мен Елена Артеменкова Түркістан қаласындағы сайлау учаскелерін аралап, дауыс беру процесінің өту барысын бақылауда.
Сайлау процесінің ашықтығы, жариялылығы және заңдылық қағидаттарын қамтамасыз ету – маңызды міндет. Халықаралық байқаушылардың сайлау учаскелеріндегі жұмысы сайлау процесінің ашық әрі объективті өтуіне ықпал етеді.
Атап өтейік, Түркістан облысы бойынша 16 ОБСЕ байқаушысы жұмыс жасауда



