ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: Түркістан облысының тұрғындары аса жоғары белсенділік көрсетуде

Құрылтай сайлауы – ел өміріндегі аса маңызды қоғамдық-саяси оқиға. Осындай жауапты кезеңде Түркістан облысының тұрғындары белсенділік танытып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын нақты іспен дәлелдеп жатыр.
Ауыл-аймақтағы ағайыннан бастап, қала тұрғындарына дейін сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда. Бұл – жұртшылықтың ел болашағына бейжай қарамайтынын, қоғамдық маңызды науқанға жауапкершілікпен қарайтынының айқын көрінісі. Түркістан облысы әрдайым қоғамдық бастамаларға белсене атсалысатын бірлігі жарасқан өңір екенін тағы да көрсетіп отыр.
Өңірде бұл маңызды саяси науқанды ұйымдастыру үшін барлық жағдай қарастырылған. Атап айтқанда, облыстағы сайлау учаскелерінің жалпы саны – 952, оның ішінде 26 учаске жабық нысандарда орналасқан. Сондай-ақ, ерекше қажеттілігі бар 14 873 сайлаушы үшін де кедергісіз дауыс беруге қажетті жағдайлар толық жасалған.
Жалпы алғанда, Түркістан облысында 1 204 659 азамат дауыс беру құқығына ие, бұл көрсеткіш өңір халқының 56 пайызын құрайды.



