Басты жаңалықтарКүндерек

Орталық Азиядағы үздік паспорт

Қазақстанның төлқұжаты Global Passport Index 2026 рейтингінде Орталық Азия елдері арасында ең жоғары көрсеткішке ие болды.

Халықаралық рейтингте Қазақстан 109-орынға тұрақтап, өңірдегі көршілес мемлекеттердің бәрінен озып шықты.

Тізімде Өзбекстан – 123, Қырғызстан – 127, Тәжікстан – 140, ал Түрікменстан 144-орында орналасқан. Сондай-ақ Түркия 96-орынға, Әзербайжан 126-орынға жайғасқан.

Рейтингте елдердің төлқұжаттарының мүмкіндігі ғана емес, халықаралық мобильділік, инвестициялық тартымдылық және өмір сүру сапасы сияқты көрсеткіштер де ескерілген.

Жекелеген санаттар бойынша Қазақстан халықаралық мобильділік көрсеткішінде 112-орын, инвестициялық тартымдылықта 61-орын, ал өмір сүру сапасы бойынша 112-орынды иеленді.

Жаңа рейтинг Қазақстан төлқұжатының өңірдегі өзге елдермен салыстырғанда мүмкіндігі жоғары екенін көрсетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button