Басты жаңалықтар

3,2 млрдтық жоба

Түркістан облысы Кентау қаласында заманауи екі зауыт ашылды

Кентаудағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында жоғары жылдамдықты интернетке арналған оптикалық кабель мен электр жабдықтарына арналған металл шкафтарын шығаратын екі заманауи зауыт іске қосылды.


Жаңа өндіріс орындары – «Kentau Cable Industries» және «ElectroCore» кәсіпорындарына жалпы
3,2 млрд теңге инвестиция тартылған. Қос зауытта 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды.


«Kentau Cable Industries» зауыты жылына
33 мың шақырым оптикалық кабель және 12 мың шақырым микротүтік пакеттерін өндіреді. Ал «ElectroCore» кәсіпорны жылына 12 мың дана металл шкаф шығаруға қауқарлы.


Салтанатты ашылуға қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жаңа кәсіпорындар өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, Кентаудың индустриялық дамуына жаңа серпін беретінін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button