Басты жаңалықтар

Apple үлгісіндегі ХҚКО

Түркістанда Apple Store қағидаты бойынша жұмыс істейтін жаңа форматтағы Smart Point цифрлық ХҚКО ашылды. Орталық тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді өздігінен әрі жылдам алуға мүмкіндік береді.


Жаңа Smart Point цифрлық ХҚКО бірнеше функционалдық аймақтан тұрады. Мұнда азаматтар жеке куәлік пен паспортқа өздігінен өтінім беріп, мемлекеттік қызметтерді онлайн алып, қажет болған жағдайда мамандардың кеңесіне жүгіне алады.


Орталықта цифрлық сауаттылықты арттыруға арналған арнайы оқыту аймақтары, жоғары жылдамдықты техникамен жабдықталған цифрлық бөлім және жайлы демалыс орны қарастырылған.


Жоба Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Ашылу салтанатына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев пен облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков қатысты.


Жаңа форматтағы Smart Point тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді өздігінен пайдалану мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button