
Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында қағаз, тоқыма, металл, дрон және күн электр станциясы секілді ірі жобалардың барысы қаралды.
Ең ірі жобалардың бірі — Түркістандағы «TURKISTAN» индустриалды аймағында салынып жатқан қағаз зауыты. «Нұрқағаз Х» ЖШС жүзеге асырып жатқан кәсіпорын жылына 60 мың тонна қағаз өнімін шығармақ. Құны — 1,5 млрд теңге. Құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталған.

Ал «TURAN» арнайы экономикалық аймағында мақта өндірісіне серпін беретін жаңа тоқыма зауыты салынып жатыр. «Hygeia Textile Kazakhstan» жобасының құны 5,4 млрд теңге. Зауыт іске қосылса, жылына 30 мың тоннаға дейін мақта иірімжібі өндіріліп, 200 адам жұмыспен қамтылады.

Бұдан бөлек, Түркістан мен Отырарда тігін, бояу-әрлеу, мақта өңдеу зауыттары, Сауранда дрон мен металл өндіру кәсіпорындары, ал Ордабасыда сүйектен желатин шығаратын өндіріс іске асырылуда.



