
Қазығұрт ауданында ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған ірі инвестициялық жоба жүзеге асуда. «Тұрбат» агроиндустриалды аймағында жалпы аумағы 60 гектарды құрайтын жылыжай кешені салынуда.

Жобаның құны — 3,8 млрд теңге. Оның 52 гектары өндірістік мақсатқа пайдаланылмақ. Қазір құрылыс алаңында электр желілерін тарту, су қоймаларын дайындау және инфрақұрылым жұмыстары жүріп жатыр.

Аудан әкімі құрылыс барысымен танысып, жұмыстың сапалы әрі уақытында аяқталуын тапсырды. Сондай-ақ, бұл жоба аудан экономикасына серпін беретінін атап өтті.
Жылыжай кешені толық іске қосылғанда 130 тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде.



