Басты жаңалықтар

2 мың адам жұмыс тапты

Түркістан қаласында жыл басынан бері 2 мыңға жуық тұрғын тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұл туралы қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте айтылды.

Жиында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бағытындағы жұмыстардың барысы қаралды. Бөлім басшысы Эльмира Бейсенова атқарылып жатқан жобалар бойынша есеп берді.

Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында биыл 19 жоба іске асырылып, 136 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Қазірдің өзінде 3 жоба жүзеге асып, 41 жұмыс орны құрылған.

«10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» жобасы бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Жылдық жоспар – 1 250 орын. Бүгінде 383 жұмыс орны ашылып, жоспар 93 пайызға орындалған.

Тұрақты жұмыспен қамту бағытында жыл басынан бері 1 794 азамат жұмысқа жолданған. Оның 1 644-і үшін міндетті зейнетақы жарналары аударылған.

Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша да көрсеткіш жоғары. Жылдық жоспар – 1 600 орын болса, бес айда 1 232 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 103,9 пайызға орындалған. Оның ішінде қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары және «Күміс жас» жобасы бар.

Қала әкімі жұмыс орындарын көбейту және еңбек нарығын дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button