Басты жаңалықтар

«Қажетсіз бәсеке мен мақтаншақтық бітсін»

Түркістандағы ас берудің жаңа заңы қандай?

Қазақ қоғамындағы ең ауыр тақырыптардың бірі – той мен ас бергендегі жарыс Түркістанда ресми түрде қолға алынды. Жақында Достық үйінде қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, белгілі имамдар мен ақсақалдар жиналып, елді шаршатқан «басқалардан кем болмайын»деген түсінікті түп-тамырымен жою мәселесін талқылады.

Шенеуніктер мен дін өкілдері халыққа ашық ескерту жасады.

Жиында бұдан былай ас беру кезінде сақталуы тиіс арнайы ережелер айтылды. Енді бәрі басқаша болады. Ысырапқа тоқтау: Столдың үсті тағамға толып, төгіліп-шашылуы емес, ниеттің тазалығы маңызды. Уақыт шектеуі: Сағаттап созылатын ұзақ рәсімдер мен бос сөзді қысқарту. Бәсекені доғару: Бір-бірінен асып түсу үшін қымбат кәде-таралғы таратуды тоқтату.Ащы шындық: Құдайы ас отбасыларға артық материалдық салмақ түсірмеуі керек.

Қазіргі таңда ас беріп, қарызға бататындардың көбейгені жасырын емес. Жиында осы мәселе ашық айтылып, заман талабына сай біріздендіру қажеттігі сөз болды.

Имамдар мен зиялы қауым өкілдері ас мәзірінің молдығымен жарысқанша, сол қаржыны шынайы мұқтаж жандарға көмек ретінде беру әлдеқайда сауапты екенін қадап айтты. Бастаманың негізін Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының марқұм төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов бастап кеткен екен, енді бұл ереже бүкіл өңірде кеңінен насихатталмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button