Басты жаңалықтар

Жылыту маусымы қалай өтті?

Қазақстанда 2025–2026 жылғы жылыту маусымы айтарлықтай қиындықсыз аяқталды. Мамандар мұны қыстың жайлы болуымен ғана емес, энергетика саласындағы ауқымды жөндеу жұмыстарымен байланыстырады.

Маусымға дайындық кезінде 10 энергия блогы, 63 қазандық және 39 турбина күрделі жөндеуден өткен. Оған қоса 17 мың шақырым электр желісі жаңартылып, 420 қосалқы станция жөнделді. Ал 323 шақырым жылу желісі толық ауыстырылған.

ҚР Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев электр станцияларындағы тозу деңгейі 53%-ға дейін төмендегенін мәлімдеді. Сондай-ақ электр желілеріндегі ақаулар азайып, жылу көздеріндегі температуралық режимнің бұзылуы үш есеге қысқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button