
«Тұран» командасы қазір нағыз «от» болып тұр! Бірінші лиганың 5-турында сырт алаңда «Астана жастарын» 3:0 есебімен тас-талқан етті.
Бірінші таймда есеп ашылмағанымен, екінші таймда «Тұран» нағыз мінез көрсетті. Матвей Герасимов мергендік танытып, есеп ашты. Ойын бітуге жақын қалғанда Марлен Айманов пен Руслан Валиуллин бірінен соң бірі гол соғып, «Астананың» үмітін біржола үзді.

Бұл жеңістен кейін «Тұран» 12 ұпаймен турнир кестесінде 2-ші орынға бір-ақ көтерілді.
Биыл команданың тізгінін аты аңызға айналған бапкер Виктор Кумыков ұстады. Бірақ ең басты жаңалық — клуб жаңа инвестордың қолына өтті. «Ordabasy Group» холдингі команданы өз басқаруына алып, инфрақұрылымды реттеп, жастарға жағдай жасай бастады. Сарапшылардың айтуынша, бұл Түркістан футболының жаңа деңгейге көтерілуінің басы ғана. «Тұран» биыл Премьер-лигаға қайта оралу үшін ешкімді аямайтын түрі бар.

Сіз қалай ойлайсыз, «Тұран» биыл чемпион бола ма?



