Басты жаңалықтар

Төлебидегі «Балық империясы»

«Ауылда бизнес жоқ» дейтіндерге Төлебиден жауап келді. Киелітас ауылында «FISH HOUSE» деген алып кәсіпорын жылына 450 тонна балық өндіріп отыр.

Кәсіпкер Нұртас Шағыров бұл іске 500 млн теңге құйған. Мұнда тек жай сазан емес, патшалардың асы — бекіре (осетр) өседі. Бекіре өсіру үшін судың тап-таза болуы мен 24/7 бақылау керек. Есесіне, 25 ауыл тұрғыны осы жерде нанын тауып жүр. Сазанды уылдырықтан бастап өсіру нағыз зергерлік жұмыс десе де болады.

Төлебидің табиғаты мен кәсіпкердің еңбегі біріккенде, міне, осындай нәтиже шығады.

Қалай ойлайсыз, балық бизнесі алдағы уақытта мал шаруашылығын басып оза ма?

Басқа жаңалықтар

Back to top button