Басты жаңалықтар

Үш өңірдің полицейлері Түркістанда: алғашқы тәулікте 1600 құқық бұзушылық

Түркістан облысының полицейлері республиканың 3 өңірінен келген қызметкерлермен бірлескен жұмыс күнін қорытындылады.


Нәтижесінде бір тәулікте 1600-ге құқық бұзушылықтың жол кесілді, заң талаптарын бұзған азаматтарға тиісті шара көрілді. Сондай-ақ 129 көлік айыптұраққа қойылды.
Анықталған деректер арасында ұялы телефон пайдаланудың-113, жүргізу құқығынсыз рөлге отырудың- 28, бағдаршамның қызыл түсіне өтудің-18, қарсы бағытқа шығудың- 2, мас халде көлік басқарудың-2 және осы секілді тағы да басқа өрескел заң бұзушылықтар бар.


Мәселен, Қызылорда облысының полицейлері патрульдеу кезінде Түркістан қаласындағы Б.Саттарханов көшесінде басқару құқығынан айырылған жүргізушінің жолын кесті. «Mercedes-Maybach» маркалы көлік жүргізушісі 2025 жылдың сәуір айында басқару құқығынан айырылғаны, десе де заң талаптарына орындамай, құжатсыз көлік тізгіндегені белгілі болды.


Ал «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автожолында «арнайы жарық және дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды тиісті» рұқсатсыз орнатқан «Chevrolet Cobalt» маркалы көлік жүргізушісін тоқтатты. Көлік айыптұраққа қойылды.


Мұндай бірлескен жұмыстар полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасуға және өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге мүмкіндік береді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button