Басты жаңалықтар

Мұнай енді “жасырынбайды”

Қазақстанда мұнай өнімдерін толық цифрлық бақылауға көшіру басталып кетті.

Бұрын “қайда кетті, қанша қалды” деген сұрақтар болатын болса, енді бәрі нақты көрініп тұрады.

Мәселен, қазірдің өзінде 325 мұнай базасы арнайы жүйеге тіркелген. Соның 146-сы деректерді тікелей, онлайн режимде жіберіп отыр. Бұл туралы Бақытжан Ілияс айтты.

Ең қызығы — барлық мұнай өңдеу зауыттары толық бақылауға алынған. Демек, жанармай “көлеңкеге кетіп қалды” деген әңгіме азаяды.

Тағы бір маңызды дүние: мұнай мен газды есептеу де автоматтанып жатыр. Қазірдің өзінде елдегі газ өндірісінің 58%-дан астамы цифрланып үлгерген.

Мұнайды бөлу процесі де цифрлық жүйеге өткен. Бұрын бірнеше күн, тіпті апталар кететін жұмыс енді 80%-ға жылдамдаған. Қазір бұл жүйеде 95 компания жұмыс істеп жатыр.

Тағы бір жаңалық — сұйытылған газды (баллондағы газ) тарату да цифрлануда. Жүйеге 84 компания қосылған, жыл соңына дейін бүкіл ел қамтылады.

Енді бәрі ашық, нақты, бақылауда.

Ал бұл бағаға, тапшылыққа, жанармайға қалай әсер етеді — міне, ең қызығы осы…

Басқа жаңалықтар

Back to top button